• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Ақпан, 2021

Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет

416 рет
көрсетілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты жабылған автожол учаскелері бойынша мәлімет берді.

Атап айтқанда, 28 ақпан күні сағат 09:30-да Қарағанды облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) байланысты келесі учаскелерде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды:

- «Қызылорда-Павлодар» күре жолының 967-1135 шақырымы, (Қарағанды қаласы-Павлодар облысының шекарасы);

- «Қалқаман-Баянауыл-Керней-Ботақара» күре жолының 231-324 шақырымы (Ботақара кентінен Павлодар облысының шекарасына дейінгі жол учаскесі);

- «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолының 17-217 шақырымы (Қарағанды қаласы-Қарқаралы қаласы учаскесі).

Сондай-ақ, бүгін сағат 09:30-да Павлодар облысында Қарағанды облысындағы ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі) келесі күре жолдарда көліктің барлық түрлеріне қозғалысқа тыйым салынды:

- «Кызылорда-Павлодар» тасжолының 1135-1206 шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы – Бозшакөл кенті учаскесі;

- «Калкаман-Баянауыл-Керней-Ботақара» күре жолының 138-231 шақырымы, Баянауыл ауылы-Қарағанды облысының шекарасы.

28 ақпан сағат 10.30-дан бастап Нұр-Сұлтан қаласында екпінді жел мен боранға байланысты «Екатеринбург-Алматы» трассасының 1291-1426 шақырым аралығы (Нұр-Сұлтан қаласы – Теміртау қаласы аралығындағы жол учаскесі) жабылды.