• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Ақпан, 2021

АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді

100 рет
көрсетілді

Американың реттеуші органы Johnson & Johnson компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы бір компонентті вакцинаны қолдануға рұқсат берді. Вакцинаның алғашқы партиясы 1 наурыз күні жеткізіледі деп күтілуде.

Johnson & Johnson препаратының тиімділігі сырқаттың халі ауыр болған жағдайда 85% көрсетіп отыр.

Осы аптада Азық-түлік және медициналық препараттардың сапасын санитарлық қадағалау басқармасының сарапшылары (FDA) аталмыш вакцинаның қауіпсіздігіне қатысты қорытындыны жариялаған болатын. Олардың бағалауынша, коронавирус жеңіл түрде өтіп жатқан науқастарда препараттың тиімділі – 66,1%, сырқаттың ауыр жағдайында 85% көрсеткен.

Осылайша, АҚШ-та коронавирусқа қарсы үшінші препараттың қолданысына рұқсат беріліп отыр - Pfizer/BioNTech, Moderna және Johnson & Johnson.

Бұған дейін Johnson & Johnson компаниясы Америка үкіметімен 100 млн доза вакцинаны жеткізу бойынша 1 млрд долларға келісім жасасқаны хабарланған еді.