Жылыой ауданында полиция бөлімінің қызметкерлері есірткіні заңсыз сату дерегін анықтады.
«Жақында Жылыой ауданының полицейлеріне ер адамның есірткіні пайдаланып, оны тарататыны туралы жедел ақпарат түсті. Тәртіп сақшылары «Дәрмек» жедел іс-шарасын жүргізіп, 1977 жылы туған азаматты үйінен ұстады», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазір ұсталған адамға қатысты Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды.