Алматы облысында түрме аумағында жұмыс істейтін кәсіпорын мекемеге 32 телефонды жасырын кіргізбек болды.
«Геценер О.В.» жеке кәсіпкерлігі – Қапшағайдағы ЛА-155/14 қауіпсіздігі орташа мекемесінің аумағында жұмыс істейді, сотталғандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде.
Аталмыш жеке кәсәпкерлікке арналған құрылыс материалдарын жеткізу кезінде кәсіпкер ағаш бұйымдардың арасына тыйым салынған заттарды тығып, оларды сотталғандарға өткізбек болған.
Алайда режим бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі Азат Сыдықовтың қырағылығының арқасында және «Лорнет» металл іздегішінің көмегімен тексеру кезінде 32 ұялы телефон, 30 қуаттағыш және 16 құлаққап табылды.
«Аталған факті бойынша мекемеге процессуалдық шешім қабылдау үшін Қапшағай қаласының жедел-тергеу тобы шақыртылды», - деп атап өтті мекеме бастығы Руслан Ғабибов.