Менің атам, әкем қуғын-сүргінге ұшырап, Түркиядан Қазақстанға қоныс аударды. Өзім қазақтың байтақ даласында дүниеге келдім. Бізді арнайы жер аударушылар деп те атайтын.
Уақыт өте тарихи отанымызға оралып, Түркияның Анталия қаласында өмір сүріп жатырмыз. Жастардың жаңа мекенге бейімделіп, үйреніп кетуі оңай болғанымен, біздің ұрпақ үшін бұл қиынға түседі. Біздің көңіліміз, жүрегіміз – кіндік қанымыз тамған, өсіп-өнген, мейірім мен қонақжай халықтың ыстық ықыласын көрген, достарымыз қалған Қазақстанда. Қазақ халқының дарқан көңілі мен жылы лебізін ешқашан ұмытпайтынымыз хақ. Осы айтулы күнде қуғын-сүргінге ұшыраған түрік бауырларын сыртқа теппей, құшақ жая қарсы алып, баспанасы мен асын бөліп берген барша Қазақ еліне алғысымды білдіремін. Бұл риясыз көмектің арқасында көптеген отандасымыз аман қалып, балалы-шағалы болып, тамырын тереңге жайды. Әлемнің қай бұрышында жүрсек те, қазақ халқының жақсылығын ұмытпай, әрдайым ризашылығымызды білдіреміз. Нуридин МАЙЛОВ, Kendala ауылшаруашылық компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы