• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 01 Наурыз, 2021

Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды

1019 рет
көрсетілді

Алматы облысы әкімінің өкімімен Абдинов Алмас Сапарғалиұлы Алакөл ауданының әкімі болып тағайындалды.

Алмас Сапарғалиұлы Абдинов 1972 жылы 15 ақпан күні Алматы облысы, Алакөл ауданы, Бұлақты ауылында дүниеге келген.   1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тарих және қосымша мемлекеттік құқық пәнінің оқытушысы, 2013 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.   Еңбек жолын 2003 жылы Алакөл ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік мәдени сала, білім және денсаулық сақтау бөлімі бас маманының міндетін атқарушы қызметінен бастаған.   Әр жылдары Алакөл ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік мәдени сала, білім және денсаулық сақтау бөлімі бас маманы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік құқық және кадрмен жұмыс бөлімінің бас маманы, аудан әкімінің көмекшісі, Қамысқала ауылдық округінің әкімі, Үшарал қаласының әкімі қызметтерін атқарған.   2016 жылдың 26 мамырынан бастап – Алакөл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.