• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Наурыз, 2021

Алматылық волонтерлер 1500-ден астам дәрігер мен өрт сөндірушіні Алғыс айту күнімен құттықтады

379 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың 1 наурызында Алматы қаласының жастары мен жастар ұйымдары еліміздегі Алғыс айту күніне орай «Қызметіңіз үшін рақмет!» атты жалпықалалық акциясын өткізді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап өткендей: «Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді, мейірімділіктің, өзара көмек пен жақсылықтың жаршысы болып саналады. Көктемнің алғашқы күнінде – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезеңде аталып өтуі бұл мерекеге ерекше сән береді». Аталмыш акция аясында дәрігерлерге, құқық қорғау органдары мен өрт күзетінің қызметкерлеріне, сондай-ақ коммуналдық қызмет жұмысшыларына құттықтау жазбасы бар 1500-ден астам брендтелген шоколад таратылды. Іс-шара 1570 адамды қамтыды (№7 қалалық аурухана, Орталық қалалық клиникалық аурухана, №30 Қалалық емхана, №4 Қалалық клиникалық аурухана, №1 қалалық емхана, қалалық клиникалық инфекциялық балалар ауруханасы, №2 Балалар клиникалық ауруханасы, №8 өрт сөндіру бөлімі, Алматы қаласы ПД, Жетісу аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметі, коммуналдық қызмет қызметкерлері). Іс-шараның мақсаты – қоғам игілігі үшін еңбек ететін қызметкерлерге алғыс білдіру, өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық сезімін, аға буынды құрметтеу және бір-біріне достық қарым-қатынас сезімін тәрбиелеу. «Бүгін Алғыс айту күні. Біз, қала волонтерлері, пандемия жағдайында адамдардың өмірін, денсаулығын сақтай отырып, күн сайын үлкен еңбек атқаратын адамдарға жағымды әсер қалдырғымыз келді», - деді Жастар ресурстық орталығының волонтері Жанар Арнаева. Анықтама ретінде: бұл күн 2016 жылдың 1 наурызынан бастап Алғыс айту күні ретінде ресми түрде мерекеленеді. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні елімізде 1 наурызды «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, пандемия кезінде волонтерлер қала тұрғындарын қолдауға және жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған көптеген түрлі форматтағы іс-шаралар өткізетінін атап өткен жөн.