Аягөз аудандық полиция бөліміне 20 ақпанда 43 жастағы ер адам хабарласып, ауласындағы гаражда тұрған «ВАЗ» маркалы автокөлігін белгісіз біреудің ұрлап кеткендігін айтқан.
Анықталғандай, жәбірленуші көліктің кілтін оталдыру тетігінде қалдырып кеткен. Ер адам материалдық шығынды 1 500 000 теңгеге бағалаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бұрын сотталған Тарбағатай ауылының 31 жастағы тұрғынын анықтады. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысы