• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 02 Наурыз, 2021

Асқар Мамин Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен келіссөз жүргізді

119 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті.

Үкімет басшысы Садыр Жапаровтың Қазақстанға сапары Қазақстан – Қырғызстан стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді. «Бүгін жоғары деңгейде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қазақстан Үкіметі барлық мәселелерді шешу, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын жаңа бастамаларды әзірлеп, іске асыру бойынша қырғыз әріптестерімен сындарлы бірлескен жұмыс жүргізуге ниетті», деді А. Мамин.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзиттік-көлік және шекара маңы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы күрес аясындағы бірлескен шараларды талқылады. Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, білім беру мен туризмде өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту үшін үлкен әлеуеттің бар екені атап өтілді.

Сондай-ақ ЕАЭО және басқа да интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Қазақстан Қырғызстан экономикасының ірі инвесторларының қатарына кіреді. 2005 жылдан бастап Қазақстаннан Қырғызстанға тікелей инвестициялардың жинақталған көлемі шамамен $1 млрд құрайды, ҚР-да шамамен 1,5 мың қырғыз компаниясы жұмыс істейді. 2020 жылы екіжақты тауар айналымы $796,2 млн.

Тараптар бұл көрсеткішті $1 млрд-қа дейін жеткізуге және сатылатын тауарлар мен қызметтер номенклатурасын кеңейтуге ниетті. Экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында жақында үкіметаралық кеңестің кезекті отырысын өткізу жоспарланып отыр.