• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Наурыз, 2021

Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды

136 рет
көрсетілді

Жаңа жыл басталғалы Солтүстік Қазақстанда тілсіз жау өршіп тұр. Облыстық ТЖ департаментінің өрт сөндіру басқармасының бастығы Дмитрий Растихиннің айтуына қарағанда бүгінге дейін 138 өрт болған. 

Ал былтырғы жылдың сәйкес мерзімінде оның саны 77. Өрттің кесірінен 21 адам көз жұмған. Келтірілген материалдық шығын 71 млн. теңге, ал бұл былтырғыдан он есе артық.

Соңғы аптада ғана облыста 17 өрт болып, 4 адам мерт болды. Өрттің  7-уі облыс орталығында орын алды. Соның ішінде газ балонының жарылуы себепті ескі жатақхананың астындағы кафеден шыққан өрттен екі адамның мерт болғанын жазған болатынбыз. Ал Щорс көшесіндегі 84 үйден шыққан өрттен бір ер адамның өлігі шықты.

Адам өліміне соқтырған тағы бір өрт Аққайың ауданындағы Новороссийское селосында болды. Онда 2015 жылы туған жас бала өлді.

ТЖД қызметкерлері өрттің алдын алу мақсатымен тұрғындарды ескерту жұмыстарын соңғы уақыттарда жиі жүргізуде. Өрт шыққанын білдіретін датчиктердің 680 данасы орнатылды. Екі рет осындай датчиктердің көмегімен өрт жылдам білініп, уақытында сөндірілді. Ол әсіресе қарт адамдар үшін пайдалы.

Өртсөндірушілер от жағатын үйлердегі пештің алдында міндетті түрде түскен шоқққа тұтанбайтын қалың қалыңтырдан төсеніш болғанын талап етеді. Сонымен бірге от тұтату үшін бензин немесе керосинді қолданбауға шақырады. Жас балалардың да үйде үлкендердің қарауынсыз жалғыз қалуын болдырмауға кеңес береді.

Солтүстік Қазақстан облысы