• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Наурыз, 2021

Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді

188 рет
көрсетілді

Жыл сайын көктем уақытында қыс мезгілінен кейін жолдарды сақтау үшін бір осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын көліктердің жүруіне уақытша шектеу енгізілді. Бұл ережелер бірінші наурыздан бастап 7 облыстағы тас жолдарда қолданылып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бесінші жол-климаттық деп аталатын аймаққа» Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған ауданы), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары кіріп отыр. Мұндағы уақытша шектеу 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында сақталмақ.

Шектеу төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралармен айналысатын, жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түлік, жолаушылар, жолжүк, дәрі-дәрмек тасымалдайтын, сондай-ақ, жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын көлік құралдарына қолданылмайды.

23 наурыздан 1 мамырға дейін аталған шектеулер Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды ​​(Қарағанды облысы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында енгізілмек.