• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Футбол 03 Наурыз, 2021

«Астана» Ласина Траореге көз тікті

210 рет
көрсетілді

Қазіргі кезде бірқатар басылымда Түркияның «Бандырмаспорт» клубының шабуылшысы Ласина Траоренің «Астанаға» ауысуы мүмкін деген ақпарат таралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ласина Траоре 1990 жылдың 20 тамызында Кот-д’Ивуардың Абиджан қаласында туып-өсті. Бойы – 203 сантиметр, салмағы – 94 кило. Кәсіпқой футболшы ретінде өз карьерасын «Стад Абиджанда» бастады. Кейіннен ЧФР (Румыния, 2008-2011, 2019-2020 жылдары), Кубань (Ресей, 2011-2012), Анжи (Ресей, 2012-2013), «Монако» (Франция, 2014-2018), «Эвертон» (Англия, 2014), «Спортинг» (Португалия, 2017), Амьен (Франция, 2017-2018) және Уйпешт (Мажарстан, 2019) клубтарының сапында өнер көрсетті.

2012-2015 жылдары Кот-д’Ивуардың ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, 13 кездесуде 4 гол соқты. 2015 жылы Ласина Траоре Африка ұлттары кубогының жеңімпазы атанды.