• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 03 Наурыз, 2021

«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі

301 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәллихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов отандық «QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндірілетінін мәлім етті, деп хабарлады Egemen.kz

«Биыл жылдың 1 ақпанында Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу басталды. Бірінші кезеңде ресейлік «Спутник V» екпесі сатып алынды. Кейін аз уақыттың ішінде Қарағанды фармацевтика кешені базасында «Спутник–V» вакцинасы өндіріле бастады. Отандық кешеннің вакциналары кестеге сәйкес жүргізілуде», деді бірінші вице-министр. 

Марат Шорановтың айтуынша биыл сәуір айына отандық «QazCovid-in» вакцинасы өндірілмек. 

«2021 жылы 6 млн адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Иммунопрофилактика үшін IT-технологилар мүмкіндігі кеңінен пайдаланылады», деді спикер.