• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 04 Наурыз, 2021

Сағат емес, секунд жұмсалады

322 рет
көрсетілді

«Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпора­циясы QR-код көмегімен тө­­­лем­дерді жүзеге асыратын мем­­­лекеттік қызметтер ті­зі­мін ке­ңейткенін жариялады. Енді қазақ­стан­дықтар бұ­рын сағаттап уақыт алатын қызмет­терге санаулы секунд ішінде төлем жасай алады.

QR-код арқылы, мысалы, жер учас­кесіне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, банктан қарызға алу шарты бойынша талаптар құқығын беруді, кондоминиум объектісін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтер үшін төлем жасауға болады.

– Пандемия кезінде ұзын-сонар кезектің алдын алу ке­ректігін түсінеміз. Сон­дық­тан про­цестерді барынша ав­то­маттандырып, қызмет алу­шыларға ыңғайлы етуге тырысып жатырмыз. Мемлекеттік қызметтер үшін QR-төлем жа­сау жобасы бірнеше ай бұ­рын іске қосыл­ды және осы уақыттың ішінде біз тиісті құрылғыны барлық 339 халыққа қызмет көрсету орта­лығына ор­­наттық, – деді мем­лекеттік ко­р­­порацияның бас­қарма төр­ағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.

Азаматтар ХҚО-да мем­ле­кет­тік қызметтердің ақысын Home­bank және Kaspi.kz қо­сым­шасында QR-код арқылы ке­зек­сіз, қауіпсіз және тез төлей алады.

Енді азаматтар қандай да бір қызметті алған кезде төлем жа­сау үшін менеджерден QR құрып беруін өтініп, сосын өзі­нің смартфоны арқылы бірнеше минуттың ішінде төлей алады. Айта кету керек, әр клиент үшін әрбір қызмет бойынша жеке QR-код жасақталады.

 

АЛМАТЫ