• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Наурыз, 2021

Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды

527 рет
көрсетілді

ӨКМ Операторы ескі көлікті сертификатқа қабылдау бағдарламасының 2020 жылы жүргізген жұмысына қорытынды жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен жылдың нәтижесі бойынша қазақстандықтар тозығы жеткен 8 651 техниканы  жеңілдік сертификаттарына айырбастаған. Соның нәтижесінде қазақстандық автоөндірушілерден су жаңа көлік құралдарын немесе ауылшаруашылық техникаларын сатып алу кезінде жеңілдік сертификатын пайдаланған.

Айталық осы бағдарлама бойынша былтыр 5 352 жеңіл автокөлік, 415 бірлік жүк көлігі, жолаушылар тасымалдайтын 12 көлік және 2 дана агротехника сатып алынды. Осы машиналарды сатып алу үшін 11 076 жеңілдік сертификаты қолданылған.

2020 жылы жеңілдік сертификаты арқылы саудаланған көліктердің көшін Hyundai маркасы бастап тұр. Одан кейін Ravon мен Lada маркасы орналасқан. Kia мен Chevrolet  үздік бестікті түйіндеп отыр.

Жаңа техника сатып алуға жеңілдік беретін сертификат бағдарламасы биыл да өз жалғасын табуда. Былтырдан бастап агротехниканы жоюға қабылдау басталған болатын. Тозығы жеткен ауылшарушылық техникасын тапсырғандарға берілетін жеңілдік сертификатының құны агротехниканың (өздігінен жүретін) түрі мен жиынтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланады. 

Жеңілдік сертификатын отандық автоқұрастырушыдан су жаңа ауыл шаруашылығы техникасын немесе елімізде шығарылған жеңіл, жүк және жолаушылар көлігін сатып алатын кезінде пайдалануға болады. Айта кету керек бір көлік сатып алғанда 2 сертификатты біріктіріп қолдануға болады. Жеңілдік сертификаты тіркелген күннен бастап 12 айға жарамды.  

Жеңілдік сертификаты арқылы  жаңа көлік сатып алуға болатын машина маркалары мен модельдер тізімі

Автоөндіруші

Марка

Модель түрлері

Ø  Hyundai Trans Kazakhstan

Hyundai

Santa Fe, Palisade, Elantra, Sonata, Tucson ix35, Creta, Accent

Ø  Daewoo Bus Kazakhstan

 

ЛиАЗ

5292, 4292, 5293

ПАЗ

3203, 3204

ГАЗ

3221, А6, 2217

Daewoo

BH 120

Ø  «СемАЗ» ЖШС

 

Газ

3302, 2705, 2310, 2752, А, А6, 3308

 

 

Shacman

 

SX3258, SX5258

 

Dong Feng

 

BWC6665GA5

 

УРАЛ

6929Z, 6929M, 6929H, 6929V, 5701,5702, 5703, 5704, 6701, 6702, 6703, 6704, 5301, 5302, 6301, 6302, 6401, 6402, 5705, 6705, 6706,

Ø  «Сарыаркаавтопром» ЖШС

 

Chevrolet

Tracker, Tahoe, Trailblazer, Traverse, Malibu, Cobalt, Nexia (R2,R3,R4), Labo, Damas DLX, Damas VAN, Spark, Niva

 

Hyundai

Tucson, Elantra, Santa Fe, Sonata, Creta, Accent

 

JAC

S3, S5, S7, J7, T6, N721, N350, X200

 

Ravon

 

Nexia (R2,R3,R4)

 

УАЗ

3163, 2206, 3962, 2924, 2363, 3303, 3741, 3909

 

Ø  Қостанай Трактор Заводы

 

Кировец

К-730, К-735, К-739, К-742

 

Ø  АгроМашХолдинг

Lovol

TE-354, TB-604, TD-904, TD-1304

 

Кировец

 К-730, К-735, К-739, К-742

Essil

КЗС-730, КЗС-740, КЗС-750, КЗС-760, КЗС-790

 

КСК

600-03

 

Ø  Композит Групп 

 Беларус

 112-Н-01, 132-Н-01, 132Н, 132МТ, 152, 320.4, 422, 422.1, 622, 80Х, 80.1, 82.1, 892, 892.2, 920, 920.2, 921, 921.3, 952, 952.2, 1025, 1025.2, 1025.3, 1221.2, 1221.2Т, 1523, 1523В, 2022.3, 2103,  3522

Ø  КАИК ЖШС

 Беларус

 80.1, 82.1, 892, 892.2, 952, 952.2, 1221.2, 2375, 2400

ACROS (комбайн)

 585, 595 Plus

TORUM (комбайн)

750