• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2021

Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді

182 рет
көрсетілді

Түркістан облысында қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс және демалыс күндері санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 09.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтап және бір үстелде 4-6 адамнан асырмай отырғызылу қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлімдеді. Сонымен қатар, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысына, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін 30%-дан аспайтын толымдылығымен жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат берілді. «Спорттық шараларды – әлеуметтік қашықтықты, маскалық тәртіпті, термометрияны, көрермендерді шахматтық тәртіпте отырғызу, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізуге болады. Еске алу шарасын 30%-ға дейін толтырумен, 50 адамнан асырмай санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізуге рұқсат. Сондай-ақ, жылжымалы цирктердің жұмысы, 30%-ға дейін толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша әр 2 орыннан кейін отырғызумен қайта жанданады. Бильярд клубтарының жұмысына 30%-ға дейін толтырумен рұқсат берілді», - деді Нұрбек Садықбекұлы.