• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2021

ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған

244 рет
көрсетілді

Риддер қаласы тұрғынының пәтерінен 205 дана патрон табылды, деп хабарлайды  Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

18 ақпанда Риддер қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері  51 жастағы жергілікті тұрғынның пәтерінен 205 дана патрон тауып, тәркіледі, алынған оқ-дәрінің 199 данасы маманның қорытындысы бойынша 5,6 мм калибрлі ойық қарудың патрондары, қалған 6 данасы 16 калибрлі тегіс ұңғылы қарудың оғы болып шықты.

Олардың барлығы атысқа жарамды. Табылған 5,6 мм калибрлі 199 патрон зауыттық тәсілмен дайындалған, ал 16 калибрлі 6 патрон қолдан жасалған. Ұсталған ер адамның азаматтық қарудың иесі емес екені анықталды.