• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Наурыз, 2021

Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды

456 рет
көрсетілді

2 наурыз күні Алматыдағы 5-перзентханада бір әйел қайтыс болды. Бұл ақпаратты Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ана өлімі болғаны рас. Бұл Алматыдағы 5-перзентханада 2 наурызда болған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасын күтіп отырмыз. Ана өліміне қатысты проблема аурухана басшылығы тарапынан кеткен қателіктен, ұйымдастыру жұмыстарына салғырт қараудан болса Қоғамдық денсаулық басқармасы аталған фактіні назардан тыс қалдырмайды, қатаң шара қолданатын болады», деді Лаура Мырзағали.

Сондай-ақ ол жемқорлық туралы ақпарат түспегенін айтады.

«Егер тергеу барысында анықталса біз өз тарапымыздан шара қолданамыз. Өздеріңіз білесіздер шешілетін, алдын алуға болатын, болмайтын жағдайлар болады. Сол себепті барлық жағдайды бақылауда ұстаймыз», деді ол.