Бүгін Италияның бас шаһары – Римде грек-рим күресінен Маттео Пеликоне мемориалы басталды. Жарыстың алғашқы күні қазақстандық балуандар өз жанкүйерлерін қуантты.
63 кило салмақтың бас жүлдесін Айдос Сұлтанғали мен Сұлтан Әсетұлы өзара сарапқа салады. Бұл балуандардың екеуі де бұған дейінгі қарсастарының барлығын қапы қалдырды.
67 кило салмақтың жартылай финалында Алмат Кебісбаев пен Мейіржан Шермаханбеттің жолдары қиысты. Бұл тартыста жастар буыны өкілінің мерейі үстем болды. Енді Мейіржан мажарстандық Мате Красзнаймен бас жүлде үшін таласса, Алмат ресейлік Назир Абдоллаевпен қола медаль үшін күреседі.
Ал 97 кило салмақта бақ сынаған Олжас Сырлыбай үшінші орын үшін белдесетін болады.