• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Күрес 04 Наурыз, 2021

Дзюдошыларымыздың Ташкентте кімдермен күресетіні белгілі болды

100 рет
көрсетілді

Ертең Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте дзюдодан Grand Slam турнирі басталады. Жарыстың тұсаукесер кездесулерін қазақстандық балуандар кімдерге қарсы өткізетіндері белгілі болды.

60 кило: Елдос Сметов италиялық Диего Риа (Италия) және германиялық Максимильян Гейдер арасындағы жұптың жеңімпазымен белдеседі.Дамир Болатбековтің қарсыласы – португалиялық Коста Родриго Лопес.

 

66 кило: Ерлан Серікжанов қырғызстандық Артур Теге қарсы шықса, Кемелбек Молдаш ауғанстандық Фахим Фазлиді сынақтан өткізеді.

 

73 кило: Жансай Смағұлов гамбиялық Файе Нжие мен ұлыбританиялық Эрик Хэм және Аңсарбек Ғайнуллин өзбекстандық Обидхон Номонов пен бразилиялық Эдуардо Барбоса арасындағы бәсекеде жеңіске жеткен спортшымен жолығады.

 

81 кило: Дидар Хамза тәжікстандық Акмаль Муродовпен, ал Руслан Мұсаев грекиялық Атанасиос Милонелиспен шеберлік байқасады.

 

90 кило: Ерсұлтан Мұзапаров та турнирді екінші кезеңнен бастайды. Оның қарсыласы израильдік Бен Тененбаум мен беларусьтік Александр Сидорюк арасындағы сайыстан кейін анықталады.

 

100 кило: Арман Калиев грузиялық Георгий Чикованимен, Айбек Серікбаев өзбекстандық Шахбоз Пулатовпен айқасады.

 

+100 кило: Ерасыл Қажыбаев польшалық Мацей Сарнацкимен, ал Ғалымжан Қырықбай Өзбекстанның өкілі Шохрух Бахтиеровпен күш сынасады.