Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Гагарин кубогы жолындағы жарыстың 1/8 финалының екінші кездесуінде Нұрсұлтанның «Барысы» Манитогорскіде жергілікті «Металлург» клубын ұтқаны жайында жазған едік.
Бұл кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, овертайда «Барыс» жеңісті қарсыласының уысынан жұлып әкетті. Жеңіс голын Даррен Диц соқты. Осылайша, ол қосымша уақытта ең жылдам гол соққан хоккейшілер тізімінде екінші орынғы жайғасты. Осы бәсекеде Канаданың тумасы 29-секундта нысананы дәл көздеді.
Ал рекордтық көрсеткіш әлі де Ренат Мамашевқа тиесілі. Кезінде Нижнекамскінің «Нефтехимигінің» сапыда өнер көрсеткен ол 2014/2015 жылғы маусымдағы плей-офф сайысының овертаймында 22-минутта мергендік танытқан еді.