• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2021

Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды

359 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қайғылы оқиға 4 наурызда сағат 18:33-те Махамбет ауданында болған.

«Кешкі сағат 18:33-те Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөліміне полиция бөлімінен Ақтоғай елді мекеніндегі бір үйден төрт адамның мүрдесі табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына дереу жеткен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 1974, 1991 жылы туған екі ер адам мен 1977 жылғы әйелдің, 2016 жылы өмірге келген қыздың қайтыс болғанын анықтады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.  

Төрт адамның қайтыс болуына байланысты алдын ала болжам – көмірқышқыл газына улану.