• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Наурыз, 2021

«Барыс» ұтылып қалды

157 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Гагарин кубогы жолындағы жарыстың 1/8 финалының үшінші кездесуінде «Барыс» Магнитогорскінің «Металлургінен» ұтылып қалды.

Нұр-Сұлтанда өткен бәсекені «Барыс» жап-жақсы бастаған еді. 15-минутта Якоб Лилья есеп ашып, айдын иелерін алға шығарды. Үзілістен кейін жағдай күрт өзгерді. 24-минутта Николай Голдобин таразы басын теңестірсе, арада үш минут өткеннен соң Егор Мартынов екінші шайбаны қақпаға енгізді – 1:2. Одан кейін таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Қос команда арасындағы төртінші кездесу 8-наурызда Нұр-Сұлтанда өтеді. Үш бәсекенің нәтижесі бойынша 2:1 есебімен «Металлург» алға шықты.