• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Наурыз, 2021

Италияда тоғыз жүлде алдық

235 рет
көрсетілді

Италияның астанасы – Римде өтіп жатқан Маттео Пеликоне мемориалын Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері тоғыз жүлдемен қорытындылады.

Алғашқы күні біздің балуандар 2 алтын, 2 күміс және 3 қолаға қол жеткізгені жайында жазғанбыз. Тарқатып айтсақ, Айдос Сұлтанғали (63 кило) мен Мейіржан Шермаханбет (67 кило) алтын алса,Сұлтан Әсетұлы (63 кило) мен Қорлан Жақанша(55 кило) күміспен күптелді. Ал Алмат Кебісбаев(67 кило), Жансерік Сәрсенбиев (60 кило) және Олжас Сырлыбай (97 кило) қолаға қол созды.

Жарыстың екінші күні қоржынымыз қос қола медальмен толықты. Бұл жүлделердің иегерлері – Асхат Ділмұхамедов (77 кило) пен Темірлан Шадукаев (77 кило).