Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 5 наурызда Атырау қаласындағы шағын несие беру кеңсесінен 400 мың теңгені тонаған күдікті ұсталды.
«Күндізгі сағат 10:45 шамасында «102» операторына Вокзал маңы шағын ауданында орналасқан шағын несие кеңсесінің кассирі телефон соққан. Кассир медициналық бетперде киген белгісіз азаматтың сағат 10:30 шамасында пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткенін хабарлады. Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, қылмыстың ізін суытпай, 25 жастағы күдіктіні ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 192-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.