• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Наурыз, 2021

Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылады

293 рет
көрсетілді

Қостанай облысында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі ресурстық орталық ашылады. Мұнда әйелдерге бизнес ашу және кәсіп жүргізу туралы кеңес беріліп, әдістемелік қолдау көрсетілетін болады.  Бұл туралы Елорда төрінде өткен «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту тетіктері» атты сараптамалық отырыстаайтылды.  Жиынға Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің өкілдері де қатысты.

«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі ресурстық орталықтар Қазақстанның 17 өңірінде пайда болады. Осы мақсатта Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және «Атамекен» ҰКП арасында үшжақты меморандум жасалды. Менің ойымша, бұл әйелдердің өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектесетін өте маңызды бастама. Ресурстық орталықтың мақсаты - ақпараттандыру ғана емес, жобаларды нақты қолдау және сүйемелдеу», деді облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Булатова.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанованың айтуынша, ресурстық орталықтарда әйелдер бизнесін дамытуға бағытталған зерттеу, маркетинг, оқыту және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Сонымен қатар, сараптамалық отырыста «Отбасы банкінің» әйелдерге арналған ипотекалық кредиттеу бағдарламасын жүзеге асыра бастағаны туралы әңгіме болды. «Бағдарламаны іске асыруға «Азия даму банкі» қарызға 38 млрд теңге көлемінде қаржы ұсынып отыр. Осы қаражат есебінен біз өзіне немесе балаларына тұрғын үй сатып алғысы келетін 3 970 әйелді қаржыландыруды жоспарлап отырмыз», деді «Отбасы банк» АҚ-ның Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.