• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Наурыз, 2021

Биыл 2,4 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

345 рет
көрсетілді

2021 жылдың басынан бері 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сенсек, 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 407 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (72,9%) Өзбекстаннан, 15% – ҚХР-дан, 4,6% – Түрікменстаннан, 3,5% – Моңғолиядан және 4% – басқа елдерден қоныс аударған.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (36,8%), Түркістан (16,4%) және Маңғыстау (10,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,7%) және Нұр-Сұлтан (5,9%) қалаларына қоныстанды. 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі – 58,4%, еңбекке қабілетті жастан кіші – 24,3% және зейнеткерлер 17,3%.