• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тарих 09 Наурыз, 2021

Соғыста із-түзсіз кеткен қазақстандықтың сүйегі Молдовадан табылды

278 рет
көрсетілді

Молдованың іздеушілері Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында қаза тапқан қазақстандық жауынгер Иван Романович Чередниктің сүйегін тапты. Сарбаздың немересі Петропавл қаласында тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz

Молдованың іздеушілері Павлодардағы «Майдан жолы» іздеу-зерттеу отрядына хабарласып, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгердің туыстарын табуға көмек сұраған. Бұл жайында әлеуметтік желіде отряд командирі Александр Шитов жазды.

Александр Шитовтың айтуынша, Молдованың іздеушілері Ясско-Кишинев майдан даласында кезекті қазба жұмыстарын жүргізген. Биыл ақпан айында Хынчештск ауданы Войнеску елді мекенінің маңында бірнеше жауынгердің сүйегі табылған. 1944 жылы тамызда бұл жерде үш гвардиялық дивизияның бөлімшелері шайқасқан екен. Орыс тарихи-патриоттық клубының және «Август» іздеу отрядының мүшелері соғыс уақытында жерленген жауынгерлердің зиратын тауып, сүйектерін алып шықты.

«Бірнеше жауынгердің сүйегін таптық. Бірақ оларға қатысты еш ақпарат болмады. Жауынгерлерді шығарып жатқан кезде қағазға оралған затты таптық. Кейін дұрыстап қарау үшін оны алып қойдық. Ал соңғы жауынгерді көтеріп жатқан кезде гимнастерканың қалдығы мен гвардиялық белгі көзге түсті. Табылған заттар бұл жерде гвардиядықтардың соғысқанын дәлелдей түсті. Бірақ, олармен жауынгерлердің аты-жөнін анықтау мүмкін емес», дейді молдовалық іздеушілер.

Олардың бар үміті газетке оралған түйіншек болды. Қабат-қабат оралған түйіншектен алдымен тағы бір гвардиялық белгі шыққан. Кейін «Озат пулеметші» төсбелгісі мен нөмірі жоқ «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі табылды. Ал соңғы орамадан «Ерлігі үшін» күміс медалі шықты. Оның сыртында алты таңбалы нөмірі болған. Архивте медальдардың иесі анықталды. Иван Романович Чередник, әскери шені – сержант. Солтүстік Қазақстан облысы, Пешковский ауданы, Троицкое елді мекенінде туған. Әскер қатарына Преснов әскери комиссариатынан шақыртылыпты. Ал туыстары деген жерде Фёкла Ивановна Чередник деп көрсетілген.

«Иван Романовичтің немересін екі күннің ішінде таптық. Отбасы 1970 жылдары Троицкое елді мекенінен көшіп кеткен екен. Қазіргі таңда Петропавлда тұрады. Қазір біз жауынгердің сүйегін елге қайтару мәселесін шешуіміз қажет. Жауынгердің туған-туыстарын іздеуге көмектескен барша жандарға – Жамбыл ауданы Троицкое елді мекеннің тұрғындарына, Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамовқа, журналистерге алғыс айтамыз», дейді Александр Шитов.