Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Қорам ауылында мас жүргізуші қағып кеткен екі қыздың жағдайы өте ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков зардап шеккен қыздардың жағдайын білу үшін Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға арнайы барды. Балалардың жағдайымен танысқан соң, басқарма басшысы балалардың сауығуы үшін барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті. Ауруханаға күн сайын балаларға медициналық көмек көрсететін Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасынан нейрохирургтар, травматологтар, реаниматологтар келеді.
«Қазіргі уақытта Шелек ауылындағы аудандық ауруханасына түскен 2012 жылы туылған екі қыз баланың жағдайы ауыр. 2011 жылы туған үшінші қыздың жағдайы орташа. Ол Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасында емделуде. Қазіргі уақытта топерация жасалды», деді басқарма.
Еске сала кетейік, 2 наурызда Корам ауылында «Уаз» автокөлігінің мас жүргізушісі жол жиегінде тұрған екі 8 және екі 9 жастағы қыздарды қағып кеткен. Жол оқиғасының нәтижесінде жарақат алған үш бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Төртінші қызды дәрігерлер қараған соң, үйіне жіберілген. Дәрігерлер сол кезде екі оқушы қыздың жағдайын ауыр және өте ауыр деп бағалаған.
Одан өзге бұл оқиғаны тергеуді Қазақстан Республикасының Президенті өз бақылауына алғаны хабарланған еді.