Францияда Ұлттық жиналыстың депутаты Оливье Дассоның жеке тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан 69 жастағы миллиардер және ұшқыш қаза тапты деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайғылы жағдай Нормандия жағалауындағы Тукеде болған.
Франция президенті Эммануэль Макрон өзінің Twitter-дегі аккаунтында саясаткердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
«Оливье Дассо Францияны жақсы көрді. Ол - өнеркәсіп капитаны, депутат, жергілікті сайланған шенеунік, әскери-әуе күштеріндегі запастағы командир еді. Оливье Дассо өмір бойы біздің елге қызмет етуді, оның мықты жақтарын насихаттауды тоқтатпады. Оның кенеттен қайтыс болуы - үлкен шығын. Оның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын», деп жазды президент.