Тегеран АҚШ-пен тұтқындарды айырбастауға дайын, бірақ бұл Вашингтон ұстанымына байланысты емес деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы сейсенбіде Иран үкіметінің ресми өкілі Али Рабии Тегерандағы баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды IRNA.
Рабии Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің осы мәселеге қатысты Тегеранның ұстанымын айтқанын еске салды.
«Біз тұтқындарды айырбастауға бұрыннан дайынбыз. Ал мұның әлі күнге дейін іске аспай келе жатқаны АҚШ-тың негативті болуына байланысты», деді ол.
Сонымен қатар АҚШ-ты санкцияларды алып тастауға және Тегеранмен жасалған ядролық келісім шартқа оралуға шақырғанын тағы да қайталады.