• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Наурыз, 2021

Өскеменде науқас аурухананың терезесінен секірмек болды

119 рет
көрсетілді

Өскемен қаласының ауруханасында науқас азамат терезеден секірмек болды, деп хабарлайды Egemen.kz

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тергеу изоляторының режимі мен қауіпсіздігі бөлімінің қызметкерлері Мәди Оразамбаев пен Ержігіт Бақтияров №4 қалалық ауруханада кезекшілікте болған. Сағат 23.00 шамасында олардан көмек сұраған медбике арғы палатадағы пациенттердің бірі өзін-өзі өлтіруге оқталғанын айтқан.

М.Оразамбаев дереу палатаға барып, терезеден секірмек болған адамды әңгімеге тартқан. Алайда ашуға булыққан науқас қызметкерге жұдырық жұмсай жөнеледі. Басына соққы тигеніне қарамастан, Мәди оны бірден ұстап алған. Содан кейін ер адамды қауіпсіз жерге дейін күштеп апарып, не себепті суицид жасамақшы болғанын білуге тырысты.

«Ерлік танытқан Мәди Оразамбаевқа зор алғысымды білдіремін. Сол сәтте өне-бойымды үрей биледі. Ауруханада құқық қорғау органының қызметкерлері кезекшілікте тұрғанын көргенде лезде олардан көмек сұрадым. Егер жедел әрекет еткен Мәди Оразамбаев болмаса қайғылы жағдайдың орын алуы әбден мүмкін еді», деді Өскемен қалалық №4 аурухананың медбикесі Ольга Червонная.