Маңғыстау облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні 26 қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыста барлығы – 49 нәресте өмір есігін ашты. Олардың 26-сы – қыз және 23-і – ұл.
Тек бір ғана «Ана мен бала» перинаталдық орталығында 14 сәби: 5 ұл және 9 қыз дүниеге келді.
Салмағы ең аз шақалақ – 950 грамм болса, ең үлкені – 4370 грамм .