• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2021

300 көлік шекарада кептеліп қалды

279 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының шекарасында 300 жүк көлігі кептеліп қалған деп хабарлайды Еgemen.kz

10 наурыз күні 02 сағат 41 минутта Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданының аумағында Самара-Шымкент тас жолының 489-522 км шамасында жолдың әр бөлігінде Ақтөбе облысының шекарасына дейін ауыр жүк және жеңіл автокөліктердің кептелісі пайда болған. Төтеншеліктердің хабарлауынша, шамамен 300 фура және 50 жеңіл автокөлік топтасып тұр. Ауа райының нашарлауына байланысты арнайы орындардың ескертуіне қарамастан жолға шыққан жолаушылар биіктікке көтеріле алмай тұрып қалған.

Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылық құрамы бастаған «Тралл», шынжыртабанды бронды техника, «Кунг», «Трекол» сынды арнайы құтқарушы көліктер оқиға орнына аттанды. Сөйтіп, астана уақытымен 09 сағат 30 минутта жеңіл автокөліктер толығымен, ауыр жүк көліктерінің 50 шақтысы жолға шықты. Құтқару жұмысы жалғасуда, − деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Бәкизат Мағзенова.