• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 10 Наурыз, 2021

«Сіздер не ойлап жүрсіздер?»: Депутат мониторингтік топтардың әрекеті заңсыз деп отыр

338 рет
көрсетілді

«Ақ жол» партиясы Текелі қаласында кәсіпкер, көпбалалы анаға 670 мың теңге көлемінде айыппұл салған мониторингтік топтардың әрекетін заңсыздық деп атады. Бұл туралы Азат Перуашев бүгін Мәжілістің жалпы отырысында айтылған депутаттық сауалда мәлімдеді.

Бұған дейін «Ақ жол» фракциясының депутаттары Үкіметке кәсіпкерлерге қатысты «мониторингтік топтардың» қысым жасауына қатысты бірнеше рет жүгінген болатын.

- Өткен жылдың 18 қарашасы мен 2 желтоқсанындағы сауалдарда біз олардың рейдтерін заңға сәйкес келмейді деп санап, олардың Кәсіпкерлік кодекске сәйкес жұмыс істеулерін және шағын және орта бизнестің заңды құқықтарын қорғауын талап еттік. Сонымен қатар, эпидемиологиялық бақылау тек толық қамтылған кезде ғана тиімді. Ал жеке нысандарды (тек өздері білетін себептер бойынша) айналып өту арқылы бұл топтар кейде пандемияға кедергі келтірумен жұмыс істеудің орнына, көбіне есеп беру және бопсалаумен айналысады, - деді Преуашев.

Сондай-ақ депутат «Ақ жолға» көмекке жүгінген теміртаулық кәсіпкерді шағын дүкенінің бір айда 18 рет «мониторшылардың» тексеруінен өткенін, мұндай мысалдар аз емес екенін алға тартты. 

- Мұндай әрекеттермен мониторинг топтары пандемиядан аман қалған кәсіпкерлерді ғана емес, қоғамдағы тыныштыққа қауіп төндіреді деп санаймыз. «Мониторшы» мырзалар, сіздер не ойлап жүрсіздер? Бұл біздің адамдар, біз оларға мемлекет ретінде жауап береміз! «Ақ жол» фракциясының сауалдарына өз жауаптарымен заңсыздыққа санкция беретін мемлекеттік органдар не туралы ойлайды екен?, - деді ол.