• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Наурыз, 2021

Блогерлер салық төлей бастады

1029 рет
көрсетілді

Жарнамадан пайда табатын ресейлік блогерлер үшін жеке табыс салығын төлеу талап етілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ведомости» басылымы атап өткендей, Ресейдің цифрлық даму, байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары министрлігінің ұсынысын ақпараттық технологиялар индустриясын дамыту мақсатында көрсетілген.

«Өзгеріс федералды заңда бекітілуі керек, оның жобасын осы жылдың ортасына дейін ресейлік IT-индустрияны қолдау шараларының тізіміне сәйкес дайындау жоспарланып отыр», делінген хабарламада.

Шетелдік заңды тұлғалардан басқа, Facebook, YouTube, Instagram, Twitter, TikTok секілді әлеуметтік желілері үкіметтің бюджеттік жүйесіне «блогтарындағы жарнамадан түсетін кірістер бойынша блогерлерге салықты» төлеуге міндетті болады.

Мұндай қадам блогерлерден бюджетке түсетін кірістің өсуіне әкеп соғады.

BloggerBase зерттеу компаниясының мәліметтеріне сәйкес,  былтыр көршілес елде тек видеоблогерлер шамамен 18 миллиард рубль (108 миллиард теңгеден астам) пайда тапқан. Жаһандық пандемияның әсері контентке деген сұраныс пен интернеттегі жарнаманың артуына ықпалын тигізді.

Әдетте, шетелдік компаниялардан жарнамаға тапсырыс қабылдайтын блогерлер көбіне-көп жеке шотына ақша қабылдайды. Қаражаттың басым көпшілігі доллар картасымен немесе рубльмен есептеледі. Осы орайда, мемлекеттің қанша қаржы жоғалтатынын нақты айту қиын.

 

Рабиға МҰРАТ