• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Тағайындау 11 Наурыз, 2021

Экс-депутат жаңа қызметке тағайындалды

548 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Зағипа Балиева Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу институтының проректоры қызметіне тағайындалды.

«Ректорлар кеңесінің отырысы болды. Жиын барысында мен университеттің стратегиялық даму және инфрақұрылым, цифрландыру жөніндегі проректоры болып тағайындалдым. Жұмысқа бүгін кірістім», - деді З.Балиева. Оның айтуынша, университетте зертхана көп.

«Мұнда ғалымдар COVID-19 вакцинасын жасап жатыр. Профессорлық оқытушылық құрам өте мықты»,  деді экс-депутат.

Айта кетейік, Зағипа Балиева 1958 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында туған. Киров атындағы мемлекеттік университетті заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Орталық сайлау комиссиясының төрайымы, Қазақстанның әділет министрі, ҚР парламент мәжілісінің депутаты, Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған. Ол «Құрмет», «Парасат», «Күміс алқа», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» ордендерімен марапатталған.