• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Наурыз, 2021

Данияр Елеусінов 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының үздік ондығына кірді

524 рет
көрсетілді

Ұлыбританияның жергілікті Boxing News басылымының сайты 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатысқан үздік он жүлдегердің тізімін ұсынды. Бұған Қазақстан өкілі Данияр Елеусінов те кірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Сол ойындарда Данияр 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Boxing News-тің үздік ондығында ол алтыншы орын еншіледі.

«2016 жылы Елеусінов мінбердің басына шығып, кәсіпқой боксқа өткен сәттен бері жақсы формада жүр. Қазақстан өкілі, солақай боксшы жартылай орташа салмақ дәрежесінде сенімді қадамдар жасап келеді», делінген материалда.

Сондай-ақ тізімге Елеусіновтің Риодағы олимпиадалық жарыс бойынша екі қарсыласы – өзбек Шахрам Гиясов пен Франция өкілі Сүлейман Сиссоконың есімдері де кірген.

Үздіктер «ондығы» келесідей:

1. Кларесса Шилдс (АҚШ)

2. Муроджон Ахмадалиев (Өзбекстан)

3. Джо Джойс (Ұлыбритания)

4. Шакур Стивенсон (АҚШ)

5. Тони Йока (Франция)

6. Данияр Елеусінов (Қазақстан)

7. Филип Хргович (Хорватия)

8. Джошуа Буатси (Ұлыбритания)

9. Шахрам Гиясов (Өзбекстан)

10. Сүлейман Сиссоко (Франция).