• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Наурыз, 2021

Алматыда «Елбасы медалі» иегерлері анықталды

425 рет
көрсетілді

«Алматы дарыны» орталығында «Елбасы медалі» бағдарламасының жеңімпаздары  марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жүзден жүйрік шыққандарға медальмен бірге, оны растайтын төсбелгі табысталды.

«Білімді жастар – біздің болашағымыз. Елбасымыз әрдайым жастарды қолдау мақсатында көптеген жобаларды іске асырып жатыр. Соның бірі – «Елбасы медалі». Бүгін  жүлдегерлерді марапаттадық», деді «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының орынбасары Баймұрат Жамбылов.

«Бұл жоба – тек қана мені емес, қазақстандық жастардың әлеуетін арттыруға және алға ұмтылуына мотивация береді», деді «Елбасы медалінің» иегері Амандық Сәлім.