• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2021

Атыраулық полицей Жайыққа түсіп кеткен екі жасөспірімді құтқарды

617 рет
көрсетілді

Атырау қаласының Балықшы шағын ауданында екі жасөспірім Жайық өзенінің үстінен өтпек болған. Алайда, мұз ойылып, олар суға түсіп кеткен.  

«Кеше кешкі сағат 20:00 шамасында Жайық өзенінің мұзына түсіп кеткен жасөспірімдердің көмекке шақырған даусын естіген тполиция капитаны Асқар Қабдоллаев жедел құтқаруға кіріскен. Жасөспірімдердің өз күшімен судан шығуға шамасы келмеген. Екі жасөспірімді судан аман алып шыққан полицей оларды өз үйіне апарып, жедел-жәрдем қызметкерлерін шақырқан.  Құтқарылған  Владимир мен Данилдің бірі – колледж студенті, екіншісі – 8-сынып оқушысы», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

  

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, жасөспірімдердің денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Тиісті ем-дом жасалып жатыр. Құтқарылған Владимирдің ағасы Александр Кришневский полиция капитаны Асқар Қабдоллаевқа ризашылығын білдіріп, оның ісін  ерлікке балап отыр.