• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 12 Наурыз, 2021

Елордада заңсыз жер теліміне салынған құрылыс тоқтатылды

183 рет
көрсетілді

Елордалық Әділет департаментінің сот орындаушысы Нұр-Сұлтан қаласы аудандық соты шығарған заңсыз жер учаскесін босату туралы талапты орындады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Осы жылдың 11 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің мүліктік емес сипаттағы талаптарды орындау аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысымен Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық сот шешіміне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы, Манас көшесі, 21 мекенжайында орналасқан 0,05875 га (587,5 кв.м.) жер телімін босатып, өз қаражаты есебінен шаруашылық-тұрмыстық құрылысты және металл қоршауды мәжбүрлі түрде бұзу (демонтаждау) бойынша атқару жүргізілді. Атқару құжатының талаптары толық көлемде орындалды», делінген Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаменті таратқан хабарламада.