«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының IV маусымына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 21 наурызға дейінгі уақытты қоса алғанда бір аптаға ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір Қазақстанның барлық өңірінен өтінімдер белсенді қабылдануда. Қатысуға өтінімді 100janaesim.ruh.kz сайтында беруге болады. Ұйымдастырушылар байқауға ең лайықты үміткерлерді іздеуді жалғастыруда.
Естеріңізге салсақ, жобаға қатысу үшін үміткерлерге келесідей талаптар қойылады:- кәмелеттік жасқа толуы (18 Жас), ҚР азаматтығы;- Қазақстанның дамуына қосқан нақты үлесі болуы шарт.
Келесі кезеңде жалпыхалықтық дауыс беріліп, қазылар алқасы мүшелері жеңімпаз болуға лайықты кандидаттарды іріктейді.