Қазақстан әйелдер күштері Альянсының ұйымдастыруымен «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында журналистер арасында өткен Мира Мустафина атындағы қоғамдық сыйлықтың жеңімпаздары марапатталды. Байқауда Egemen Qazaqstan басылымының журналистері арнайы жүлдеге ие болды.
Сыйлық қазақстандық әйелдердің өмір сүру сапасы мен әлеуметтік рөлін арттыру, гендерлік теңдік, отбасылық мәселелерін жариялауға үлкен үлес қосқан танымал қазақстандық журналист Мира Мустафинаның құрметіне берілді. Мұндағы мақсат – қоғамдағы әйелдердің мәртебесін жан-жақты қамту арқылы оларды көтеру, репродуктивті денсаулық пен қыздар мен әйелдердің өмір сүру сапасының өзекті мәселелерін шешу жолдарын ұсыну, зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жою, ақпаратты насихаттау. Қазақстан Республикасында отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру.
Мира Мустафина атындағы байқауға Қазақстанның барлық аймақтарынан 45 өтінім және 100-ден астам қазақ және орыс тілдеріндегі жұмыстар келіп түсті. 2021 жылдың 3 ақпаны мен 2021 жылдың 3 наурызы аралығында Мира Мустафина атындағы сыйлыққа конкурс өтті. Сыйлыққа Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін және елдегі әйелдер халқының өзекті мәселелерін, қыздар мен әйелдердің өмір сүру сапасын, сондай-ақ отбасылық-гендерлік саясатты іске асыру тақырыптарында жарияланымдары бар журналистер қатысты. Мақалалар қазақ және орыс тілдерінде қабылданды. Қазылар алқасының дауыс беруімен:
Қазақстандағы әйелдердің мәртебесін көтеруге қосқан үлесі үшін Раисова Зульфия,
Қазақстандағы әйелдер денсаулығын сақтауға қосқан үлесі үшін Садықова Нэля («Караван» газеті),
«2021 жылғы үздік БАҚ: Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясатты іске асыруға қосқан үлесі үшін» Шібікеева Айдана (Informburo.kz) Мира Мустафина сыйлығының жеңімпаздары болып танылса, Мөлдір Болатқызы (Manshuq, Holanews), Хаметжанова Айнаш (Tengrinews, Idoctor), «Egemen Qazaqstan» газеті тілшілері Айнаш Есалы, Ая Өміртай, Алиса Масалева («Оңтүстік Қазақстан» газеті), Ангела Ли («Каспий маңы коммунасы» газеті) қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді.
Egemen Qazaqstan газетінің «Әйел әлемі» арнайы беті тілшілер Айнаш Есалы мен Ая Өміртайдың дайындауымен бір жылдан бері тұрақты жүргізіліп келеді. Арнайы бетте әйел құқығы мен гендерлік теңдік тақырыбына қатысты материалдар жарық көреді.
Мира Мустафина сыйлығын Қазақстан Әйелдер Күштері Альянсы «Бионорика Каз» ЖШС фармацевтикалық компаниясының қолдауымен ұйымдастырды. Мира Мустафина – танымал қазақстандық журналист, ол өмір сүру сапасын жақсарту және қазақстандық әйелдердің әлеуметтік рөлі, гендерлік теңдік және отбасылық мәселелерді шешуге үлкен үлес қосты. Қазақстан әйелдер күштерінің альянсы – бұл барлық облыстардан 140-тан астам ҮЕҰ кіретін ең ірі үкіметтік емес әйелдер қауымдастығы.