• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 12 Наурыз, 2021

Елордада коронавирус жұқтырғандар көбейді

153 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мереке күндерінен кейін коронавирус инфекциясының көрсеткіші артқанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Соңғы аптада ауырғандар санының өсуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласында CОVІD-19 инфекциясы тұрақсыз деп бағаланады, тіркелгендер саны күніне 70-тен 143 жағдайға дейін ауытқып отыр. Соңғы аптада сырқаттану деңгейі алдыңғы аптадан бастап 9,9%-ға жоғары. 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш – 59,25 репродуктивтік саны 1,055-ті құрады. 10 наурыздан бастап қала эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймаққа» өтті», деді Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша коронавирустық инфекцияны тіркеуді жалғасуының негізгі себептері бұрынғысынша тұрғындардың карантиндік іс-шараларды сақтамауы, яғни адам көп жиналатын орындарға баруы, бетперде тағуды ескермеуі, ауырғандар, не олармен жақын байланыста болған адамдардың да үй карантиндік режимін сақтамауы болып саналады.

«Мерекеден кейін әдетте коронавирустың оң жағдайларын тіркеу саны көбейетінін ескере отырып, бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салынғанын еске саламыз. Оның ішінде, «Наурыз» мейрамын жаппай атап өтуге, сондай-ақ қызметі қайта жанданбаған нысандарға баруға тыйым салынған. Санитарлық нормаларды қатаң түрде сақтау, яғни маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет», деді елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.