ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Хабар» арнасына берген сұхбатында дәрігерлердің қанша жалақы алатынын айтты. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер бір айда 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алып отыр, деп жазады Egemen.kz
«Өткен жылы медициналық қызметкерлерге 113 млрд теңгеден астам көлемде әлеуметтік төлем жасалды. Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алады», дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі.
Алексей Цойдың айтуынша, былтыр дәрігерлердің жалақысы 30% артқан.