Көкшетауда өртенген үйден 49 жастағы ер адамның денесі табылды. Ол еш жерде жұмыс істемеген және маскүнем ретінде есепте тұрған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдері хабарлағандай, өрт бүгін таңертең сағат 09:43-те Көкшетау қаласындағы жеке тұрғын үйде шыққан.
«Өртті сөндіру барысында 49 жастағы ер адамның денесі табылды. От 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт кезінде ер адам үйде жалғыз болған», деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталуда, сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды.
Көкшетау қаласы полиция басқармасының мәліметінше, ер адам уақытша жұмыс істемеген және маскүнем ретінде есепте тұрған.