• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 13 Наурыз, 2021

Салымсыз есепшоттар жабылады

444 рет
көрсетілді

БЖЗҚ баспасөз қызметі ақшасы жоқ есепшоттар мәжбүрлі түрде жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

2021 жылдың 1 наурызға дейін ашылған, әрі салымы жоқ есепшоттарды жабу туралы шешім қабылданды. Осы жылдың 1 ақпанына дейін мұндай есепшоттардың саны 121 мың болған. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу үшін БЖЗҚ-на жүгінудің қажеті жоқ. 

Қордың  ақпараттық жүйесінде шот бірінші жарнаны алғаннан кейін автоматты түрде ашылады, жеке тұлғаны сәйкестендіру зейнетақы жарнасын аудару кезінде төлем тапсырысының электрондық форматында көрсетілген жеке мәліметтерге сәйкес жүзеге асырылады және барлық қолданыстағы құжаттың деректемелері және БЖЗҚ-ның басқа деректемелері туралы қажетті ақпарат мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады.

Салымшы БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан электрондық хабарлама алған күннен бастап зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қосылды деп саналады. Жарналарды жұмыс беруші бірінші жалақыдан қажеті қаржы аударады, бұл жинақсыз есепшоттардың  пайда болуына жол бермейді.