Отандасымыз Михаил Кукушкин Дубайда өтіп жатқан ATP 500 турнирінің іріктеу сайысының бірінші партиясында қарсыласынан оқ бойы озық болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Дүние жүзінің 96-ракеткасы М.Кукушкин бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 217-орында тұрған франциялық Максим Жанвьемен өткізді.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші 7:5 есебімен басымдылық көрсетсе, екіншісінде М.Жанвье есе қайырды – 6:2.
Ал шешуші сетте М.Кукушкин айқын басымдылық көрсетіп 6:1 ұпайымен топ жарды. Бәсеке 1 сағат 53 минутқа созылды. М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 162-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиноны жеңсе, негізгі турнирге өтеді.