• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Наурыз, 2021

Шымкенттің өрендері озды

495 рет
көрсетілді

Алматыда спорттық гимнастикадан дәстүрлі республикалық турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарыста шымкенттік өрендер тамаша өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Сарапқа салынған алты бас жүлденің тең жартысын Шымкенттің гимнасшылары жеңіп алды. Бір ғажабы, сол алтын медальдардың үшеуін де Фарух Набиев иеленді. Ол қолды тіреп секіру, бағана және керме жаттығулары бойынша алдына жан салмады. Сондай-ақ, Фарухтың қоржынында тағы екі қола жүлде бар.

Ал қалған үш алтынды Алматы қаласының өкілдері қанжығаларына байлады. Олар – Ілияс Әзизов (еркін жаттығу), Нариман Құррбанов (ат) және Ақпар Жалали (шығыршық).