Алматы қаласылық Білім басқармасы қаладағы коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz
«Құрметті ата-аналар! КВИ жағдайларының көбеюіне байланысты Алматы әкімдігі мүмкіндігінше балаларды үйде онлайн оқуда қалдыруды сұрайды. Сонымен бірге, мұндай мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін мектепте жоғары санитарлық-эпидемиялық талаптарға сәйкес аралас оқыту жалғасатындығы туралы хабарлаймыз. Барлық мектептер дезинфекциялық құралдармен 100% қамтамасыз етілген», делінген хабарламада.